Телевикторина қызметкерлері телефон алаяқтығына жол берді деген күдікке алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеуде «Спортмания» телевизиялық викторинасының қызметкерлері телефондық алаяқтыққа қатысты деген күдікке алынып отыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
None
None

Соңғы кездері экономикалық қауіпсіздік пен жемқорлыққа қарсы басқармасына азаматтардың құқығын бұзушылықтары туралы көптеген арыздар түсуде. Алаяқтықтар келесідей жұмыс істеген. Телекөрермендер бағдарламада көрсетілген нөмірге телефон соғып, байланысқа қосылғаннан кейін оператор олардан эфирге қосылып, тележүргізушінің жауабын алғанша күте тұруды ұсынып отырған. Осылай әрбір 5-10 минут сайын жалғаса берген. Алайда ұзақ күткен телекөрермен ақыры бағдарлама эфирімен қосыла алмай, байланыс үзіле берген. Салдарынан абоненттің есебінен барлық ақшасы алынып отырған, ал артық шығын қарызға саналған. Оперативтік қызметкерлер тексеріс жүргізген, оның барысында аталған фактілер расталған. «Спортмания» студиясына түскен қоңыраулар қызметкерлермен пайда табу мақсатында тежеліп отырған. Ал тікелей эфирге шығатын қоңырауларды қызметкерлердің өздері студиядағы телефоннан шалып отырған. Осылайша, олар телекөрермендерді алдап соққан. Полиция алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар