08:33, 17 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Тележүргізуші Г.Әлімгерей Қазақстан ханымы атанды
АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат - Кеше Алматыдағы Қазақстан қонақ үйінде өткен «Қазақстан ханымы» байқауына еліміздің елордасы атынан қатысқан «Қазақстан» арнасының тележүргізушісі Гүлнәз Әлімгерей бас жүлдені олжалады.

Республиканың әр өңірінен жиналған 15 келіншектің арасынан үздік шыққан ол келесі жылы Сеулде өтетін «Әлем ханымы - 2011» байқауында еліміздің атынан сынға түсетін болады.
Айта кетейік, «Әлем ханымы» байқауы тұрмысқа шыққан, жасы 30-ға толмаған келіншектерге арналған жалғыз сайыс. 30 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келе жатқан байқауға әлемнің 80-нен астам өкілі қатысып, бақ сынайды. 2008 жылы бұл додаға еліміздің атынан «Қазақстан ханымы» байқауының алғашқы жеңімпазы, тележүргізуші Динара Сәтжанова қатысқан болатын.
Байқау ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы және «Сезон» шығармашылық бірлестігі қатысушыларға бірнеше тур дайындады.