«TeliaSonera» мен «Samsung» компаниялары байланыстың 4-ші буын модемдерін жеткізу туралы алғашқы келісімшартқа қол қойды.

деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«TeliaSonera» мен «Samsung» компаниялары байланыстың 4-ші буын модемдерін жеткізу туралы алғашқы келісімшартқа қол қойды. Кең алапты мобильді интернеттің жаңа сатысында тұтынушылар мәліметті жіберу жылдамдығын қазіргіден 10 есе арттыруға мүмкіндік алады. Уағдаластық бойынша 4G-дің коммерциялық іске қосылуы үшін «TeliaSonera» 2010 жылы Швеция мен Норвегияға мәліметтер жіберу модемдерін жеткізуді қамтамасыз етпек. Байланыстың жаңа буынын ақырғы тұтынушыға дейін жеткізуді көздеген бұл келісім арқылы «TeliaSonera» 4G технологияларын коммерциялық негізде іске қосуды жүзеге асырған әлемдегі ең алғашқы оператор болуды алдына мақсат етіп қойып отыр.
«Бізге бірге жұмыс істеген жағымды. Бұл қазіргі заманғы телекоммуникация индустриясында алға жасалған тарихи қадам. «TeliaSonera» компаниясының 4G қызметін ұсыну бастамасын назарға алып кең алапты интернет қызметін жетілдіруші тұтынушылар саны күткендегіден қысқа уақыттың ішінде жылдам ұлғаяды деп үміт артамыз», дейді «Samsung Electronics» компаниясының атқарушы вице-президенті және ұялы байланыс құралдарын дамыту бөлімінің бастығы Джей Кей Шин (JK Shin).