Темекі қорапшаларында оның зияны туралы графикалық ескертулер болуы керек - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

НЬЮ-ЙОРК. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Мамырдың 31-і - Темекі тартуға қарсылықтың дүниежүзілік күні.
None
None
Осынау атаулы күннің қарсаңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үкіметтерден өнім қорапшаларына темекі шегудің зиян екендігі туралы көрнекі графикалық ескертулер орналастыруды темекі өндірушілерден талап етуге шақырып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жылда осынау зиянды әдеттен әлем бойынша 5 миллиондай адам қайтыс болады екен. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 8 миллионға жетуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулері, темекінің адам денсаулығына зияны туралы көп адамның хабарсыз екенін көрсеткен. Ал Бразилия, Канада, Сингапур, Таиланд елдерінде көрнекі графикалық ескертулердің енгізілуі ол елдерде темекі шегудің азаюына әсер етіп отыр, дейді сарапшылар.
Соңғы жаңалықтар