Темекі өндіретін компаниялардың қандай да бір іс-шараларға демеуші болуына тосқауыл қою керек - дөңгелек үстел отырысы
амырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Елде темекі өндіретін компаниялардың қандай да бір іс-шараларға демеуші болуына мықты тосқауыл қою керек. Себебі бұл темекіні белсенді насихаттауға ықпал ететін факторлар. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде
«Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына үйлестіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Темекісіз өмір» жаһандық бастамасының директоры Дуглас Бетчерд мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, Қазақстан темекі бұйымдарын жарнамалауға тыйым салу, арнайы белгіленген орындарда ғана темекі шегу сияқты темекіге қарсы бағытталған кешенді шараларды жүзеге асырды. «Алайда Қазақстан тарапынан қолға алынуы тиіс тағы бір мәселе бар. Темекі өнімдерін өндіретін компаниялар демеушілік көмек көрсету арқылы өздерінің өнімдерін өткізудің амалын тауып жүр. Меніңше бұл темекінің тарауына ықпал ететін тағы фактор. Сондықтан мүмкіндігінше осы мүмкіндікті болдырмауға күш салу қажет», деді халықаралық ұйым өкілі.
Оның сөзіне қарағанда, темекі өндіретін компаниялар адам өміріне төніп тұрған қауіп. Ал адамдар олардың арбауына көніп, өздерін құрбан етпеулері қажет. «Темекі өндіретін компаниялар иглікті іспен айналысып отырған жоқ», деді Дуглас Бетчерд.