Темекі шегуге қарсы тақырыпты белсенді көтеріп жүрген журналистер арасында байқау өтпек

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен «Темекі түтінінен еркін Қазақстан үшін!» Ұлттық коалициясы темекі тартуға қарсы тақырыпты белсенді көтеріп жүрген журналистер арасында байқау өткізеді,

Темекі шегуге қарсы тақырыпты белсенді көтеріп жүрген журналистер арасында байқау өтпек

деп хабарлайды ұйымдастырушылардың ресми сайты.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, байқауға материалдар келесідей тақырыптарда ұсынылуы тиіс:

  • - Ұлттық саясат және Қазақстандағы темекі тартуды бақылауға алудың жетістіктері;
  • - Темегі шегуге қарсы шараларды насихаттау (соның ішінде «Алматы темекі түтінінен таза қала» бағдарламасының аясындағы шаралар);
  • - Темекі шегу мәселесін шешудің тиімді жолдары және алдын алу бағытындағы ұсыныстар.

Тілшілер мен қоғам қайраткерлерінен құралған байқаудың әділқазылар мүшесі 2011 жылдың қаңтар мен желтоқсан айларында жарияланған теле-, радио-, газет материалдарын, сонымен бірге блог-жарияланымдарды оқып, үздіктерін сұрыптайтын болады.

Жұмыстар 1 желтоқсанға дейін nosmoke_kaz@mail.ru интернеттегі пошта адресі бойынша қабылданады. Материалдарды «Журналистер байқауы үшін» деген атпен ерекшелеп қою қажет.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпараттар www. nosmoke.kz , www.almatysmokefree.kz сайттарында қойылған.