19:56, 17 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Темекі тұқылын аулаға тастаған шенеунікке 14 мың теңгеге жуық айыппұл салынды
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманына полиция айыппұл салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қарасай ауданы полициясының учаскелік инспекторы Н. есімді азаматқа 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салды» делінген Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Ведомствоның ақпаратына сәйкес, Қарасай ауданы әкімінің мемлекеттік қызметкері қоғамдық орынды ластағаны үшін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған.
Естеріңізге сала кетейік , бұған дейін Қарасай ауданы әкімінің баспасөз қызметі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманына қатысты қызметтік тексеріс басталғанын хабарлаған болатынбыз.
Ал даудың басы темекі тұқылынан басталған. Тұрғындардың сөзінше, шенеунік оны «балалар ойнайтын алаңға» тастаған.