Темекі тұқылын лақтырған Қарасай әкімдігінің «дөкей» қызметкерінің ісі тексерілуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова темекі тұқылын лақтырған Қарасай әкімдігі қызметкерінің ісін жауапты департамент тексеріп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің маманы желі қолданушылардың наразылығын туғызғаны туралы ақпарат тараған еді. Желіге тараған видеодан тұрғындардың ер азаматқа шағымын айтып, наразылық білдіріп жатқанын көруге болады. Сол сәтте темегі шегіп тұрған ол темекі тұқылын жерге лақтыра салады. Тұрғынның бірі оның әрекетіне ашуланып, «балалар алаңына темекі тұқылын лақтырып, этиканы сақтамадың» деп шүйлігеді.

Бейәдеп қылық көрсеткен адам Қарасай ауданы әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің маманы болып шыққан.

Мемлекеттік қызметшінің бұл қылығына байланысты видеодан Анар Жайылғанова хабардар екенін мәлім етті.

«Иә, біз бұл оқиғадан хабардармыз. Бізде мемлекеттік қызмет саласын бақылау жөніндегі департамент бар. Бұл департамент аталмыш мәселемен айналысып жатыр. Ол ақпарат бүгін шықты. Біз де ол мәселемен жұмыс жүргіземіз», - деді Анар Жайылғанова.



Соңғы жаңалықтар
telegram