21:37, 18 Сәуір 2014 | GMT +5
Темекі тұқылын сөндірмеген ер адам көлікте жанып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің шығысында өткен түні ер адам сөнбей қалған темекінің салдарынан өз көлігінде өртеніп кетті.
Алдын ала деректер бойынша түнде ер адам досымен бірге көлік салонында ішімдік ішкен. Кейінірек көлік иесі үйіне ұйықтауға кеткен, ал досы әйелімен жанжалдасып қалғандықтан көлікте түнемекші болған.
Шамасы өрт темекі тұқылын сөндірмегендіктен болған. Ол темекі шегіп жатып ұйықап кеткен болуы керек.
Санаулы уақытта көлік түк қалмай жанып кеткен. Ажал құшқан ер адамның мәйітін шақырту бойынша келген өрт сөндірушілер тапқан, деп хабарлады «Интерфаксқа» құқық қорғау органдары.