Темекіден жыл сайын 25 мың қазақстандық ажал құшады

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанда темекіден жыл сайын 25 мың адам қайтыс болады. Бұл туралы бүгінгі брифингте Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі ұлттық орталықтың директоры Жәмиля Баттақова мәлім етті.

Темекіден жыл сайын 25 мың қазақстандық ажал құшады

«Ал әлем бойынша темекіден 5 млн. адам ажал құшады», - дейді Ж.Баттақова. Оның хабарлауынша, темекіге тәуелді қазақстандықтардың үлесі 27 пайызды құрап отыр. Ол дегеніміз, елімізде әрбір төртінші азамат темекі шегеді. «Бізді темекі шегетін жасөспірімдер мәселесі қатты алаңдатады. Зерттеуге сәйкес, олардың 12 пайызы -11 жастан, ал 5 пайызы 9 жастан бастан темекі шеге бастайды. Сол себепті осы проблемаға баса назар аударған жөн», - деп атап көрсетті Ж.Баттақова.