Темекінің салдарынан мерт болатындар жұқпалы аурулардың салдарынан көз жұматындардан әлдеқайда көп- дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Темекі мемлекет үшін тек шығын. Себебі онымен күресу үшін мемлекет денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға қыруар қаржы бөледі. Оның үстіне темекі еңбек өнімділігін кемітіп,

Темекінің салдарынан мерт болатындар жұқпалы аурулардың салдарынан көз жұматындардан әлдеқайда көп- дөңгелек үстел отырысы

қоршаған ортаны ластайды. Азық-түлік өсірілуі тиіс көптеген жерлер темекі өсіруге пайдаланылады. Ал темекі шегу барысындағы салақтық азаматтардың өмірлеріне орны толмас шығын әкеледі. Сондықтан да темекі шегу және оны өндіру экономикалық жағынан мүлдем тиімсіз сала. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан заңнамасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясына үйлестіру» атты тақырыпта өткен дөңгелек үстел отырысында Денсаулық сақтау министрлігі Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының Бас директоры Сәуле Диқанбаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, темекі жылына әлем бойынша 5 миллионнан астам адамның өмірін қияды. Темекі шегу бүгінде қауіпті деген жұқпалы аурулардың өзінен қатерлі болып отыр. Оның салдарынан мерт болатын азаматтар саны Адамның қорғаныс тапшылығының қоздырғышы, Жұқтырылған қорғаныс тапшылығының белгісі мен құрт ауруы сияқты дертерден көз жұматын азаматтардан көп.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, шамамен алғанда 500 миллион адам темекінің салдарынан мерт болады. Ал алдағы 25 жылда бұл көрсеткіш 3 есеге артады және ол бірінші кезекте Азия мен Қытайды қамтиды.