Темір жол компаниясы қызықты суреттер байқауының жүлдесіне iPhone тікті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Темір жол компаниясы елімізде фотосуреттер байқауын өткізуде. Жүлделі алғашқы екі орынға iPhone смартфоны беріледі, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Наурыз мерекесінің қарсаңында жолаушылар арасында «Пойызбен саяхаттау кезіндегі үздік сурет» атты конкурсты өткізіледі.
Конкурстың шарты бойынша жолаушылар пойыздың терезесінен түсірілген қызықты суретті, мына электронды мекенжайға жіберу керек: ktzrailways@gmail.com, mykhanov@gmail.com.
«Сайыстың жеңімпаздары 2017 жылдың 18 наурызы күні анықталады. Суреттерді 15 наурызға дейін қабылданады.
Сыйақыны ең қызықты және креативті авторлары иеленеді:
- 1-орын - iPhone 7 plus;
- 2-орын - iPhone 7;
- 3-орын - iPad mini», - делінген хабарламада.