Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

АСТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат - «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер енгізілген.

Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 767

2012 жылғы 8 маусым, Астана, Үкімет Үйі

«Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 605-құжат)  мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі     К. Мәсімов.

Теміржол вокзалдарынының қызметін ұйымдастырудың қосымшасы мен тәртібі баспасөз беттерінде жеарияланған.