Темір жолда болған апаттан кейін 250 жолаушыға билеттер құны қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Бабатай стансысында вагондар жолдан шығып кеткен оқиғадан кейін 250 жолаушыға билеттердің ақшасы кері қайтарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«27 желтоқсан күні кешке Бабатай стансысында болған оқиға туралы ақпарат түскеннен кейін Астана мен Қарағандыдан екі қалпына келтіру пойызы жедел аттандырылды.

Оқиға салдарын жоюға Ақмола, Қарағанды жол бөлімшелерінің барлық қызметтерінің жұмысшылары қатысты. Жедел әрекеттің арқасында алты сағаттан кейін жол ашылды, делінген хабарламада.

«Біз оқиға орнына уақтылы жеттік, техниканы пайдаланып вагондарды көтердік. Ұжымның жұмыла жұмыс істеуінің арқасында барынша қысқа уақытта жол ашылды», - деп атап өтті Астана қалпына келтіру пойызының бастығы Марат Бейсенов.

Қозғалыстың тоқтауына байланысты Астана-Қарағанды учаскесі бойынша  елордалық темір жол вокзалында 600-800-ге жуық адам жиналып қалды. «Вокзал ғимаратына қосымша отыратын орындықтар қойылды. Олардың саны 600-ге дейін артты. Балалары бар 50 жолаушы ана мен бала бөлмесіне жайғастырылды. Егде адамдарға қосымша бөлмелер бөлінді», - делінген хабарламада.

Үш минут сайын тұрақты түрде дикторлар жолаушыларға пойыздың техникалық себептерге байланысты кешігіп жатқанын хабарлап отырды. 28 желтоқсанда сағат 04.30 минутта тілек білдірген барлық жолаушылар сапарға аттанды. Қазір вокзал штатты режімде жұмыс істеуде. 27 желтоқсанда Осакаровкадан Астанаға жолаушыларды жеткізу үшін 10 шақты автобус бөлінді. 250 жолаушыға билетінің ақшасы кері қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар