Теміртау әділет департаментінің бұрынғы басшысының соты екі жылдан соң басталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау әділет департаментінің бұрынғы басшысының соты оның ұсталған сәтінен екі жыл өткен соң басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Тергеу ісінің не себепті осынша ұзаққа созылғанын Теміртау прокуратурасының басшысы айтудан бас тартты.

«Істі тергеу расымен созылып кетті, алайда оның не себепті созылғанын айта алмаймын», - деді Теміртау қаласының прокуроры Арман Аханов.

Басқарма басшысы 2015 жылы 21 маусым күні азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап отырған сәтінде ұсталған. Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің тергеу нұсқасы бойынша ол жылжымайтын мүліктің құжаттарын жедел дайындап беруі үшін риелтордан 15 мың теңге пара алған.

Алайда іс сотқа жетпеген, сол себепті тоқтатылған. Шенеунік тіпті қайта өз жұмысына орналаса алмаған. Енді екі жыл өткен соң іс қайта қаралып жатқандықтан, ол жұмыстан кетуге өтініш беруге мәжбүр болған. Бұрынғы ҚК 366 «Пара алу» бабы Қылмыстық кодекстің 24-190 «Алаяқтық жасауға әрекет ету» баптарына ауыстырылды. Пара алу дерегі расталмады. 

Соңғы жаңалықтар