Теміртау әкімдігінің бас маманы марихуана сақтағаны үшін ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау әкімдігінің бас маманы марихуана сақтады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қазіргі таңда Теміртау әкімдігі аппараты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы үш күнге ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
Теміртау әкімдігінің баспасөз қызметі түсіндіргендей, әкімдіктің қызметкері ұсталмас бұрын жұмыстан босаған.
«Ұсталған адам - бұрынғы қызметкеріміз. Ол ұсталудан бірнеше күн бұрын өз еркімен жұмыстан шығып кетті», - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз хатшысы Ольга Горячева.
ҚР ҚК 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.