Теміртау әкімдігінің бұрынғы қызметкері есірткі саудалады деген күдікке ілінді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау әкімі аппаратының ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімінің бұрынғы бас маманы 1 кг 677 грамм кептірілген марихуана сақтау, 3 кг 920 грамм қарсора егу және өсіру фактілері бойынша күдікті болып отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 
None
None

Қазіргі кезде Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев бұрынғы шенеуніктің ісін қарап жатыр.

Тергеу нұсқасы бойынша, Теміртау әкімі аппаратының ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімінің бұрынғы бас маманы өз үйінің бақшасында қарасора өсірген. Кейін алынған өнімді кептіріп, сату үшін кішігірім пакеттерге салған.

Полиция 2017 жылғы 29 маусымда «Экспресс» бизнес орталығының маңында бұрынғы шенеунік мінген «ВАЗ 2172» көлігін тоқтатады. Тексеру кезінде полиция қызметкерлері көліктің артқы орындығындағы күртенің оң жақ қалтасынан 13 грамм 33 миллиграмм кептірілген марихуана табады. Ол 2,49 грамм, 3,06 грамм, 2,71 грамм, 2,26 грамм және 2,81 граммдық қағаз орамдарға салынған болатын.

Сол күні бұрынғы шенеуніктің пәтерін тексеру барысында диванның астынан 19 газет түйіншекке салынған жалпы салмағы 838 грамм болатын кептірілген марихуана және полимер пакетте жалпы салмағы 407 грамм 80 миллиграмм болатын марихуана табылды. Сондай-ақ шкафтан газет орамдарына салынған 376 грамм марихуана, кейіннен 42,42 грамм болатын үш қағаз орамы мен екі полимер пакеті табылды.
Бұдан тыс, үйдің бақшасынан 3 кг 920 грамм болатын 604 сора бұтасы табылған.

Соңғы жаңалықтар