Теміртау қаласында кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар бала іздестірілуде

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - 24 мамыр сағат 20.12-де Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында «Әлем» дүкенінің жанында 2 жасар бала кәріз құдығына құлап кетті.

Теміртау қаласында кәріз құдығына құлап кеткен 2 жасар бала іздестірілуде

 Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 ТЖ орын алған жерде шұғыл әрекет ету, сондай-ақ Қарағанды облысын бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы, судан-құтқару қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы және ҚР ТЖМ Қарағанды қаласы бойынша жедел-құтқару жасағының 3 адамы мен 1 техникасы жұмыс істеуде.