Теміртау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіне тақау жерден жаяу әскерге қарсы қолданылатын граната табылды

АНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіне тақау жерден жаяу әскерге қарсы қолданылатын Ф-1 қол гранатасын жергілікті тұрғын тауып алды.

Теміртау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіне тақау жерден жаяу әскерге қарсы қолданылатын граната табылды

Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі таратып отыр.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің саперлері жарылғыш затты жою үшін алып кетті. Төтенше жағдайдың алдын алуға Шұғыл әрекет ету қызметінің 51 маманы мен 11 техникасы жұмылдырылды, оның ішінде ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 10 қызметкері мен 2 техникасы бар.