12:07, 02 Қаңтар 2010 | GMT +5
Теміртау қаласындағы жиһаз цехында болған өрттен 1 адам қаза тапты
АСТАНА. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат - Теміртау қаласындағы жиһаз цехында болған өрттен 1 адам қаза тапты.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, оқиға бүгін түнде сағат 01:38-де орын алған. Цехтың 10 шаршы метр аумағын қамтыған өртті сөндіру барысында 1 азаматтың денесі табылып, күйік шалған 42 жастағы жиһаз құрастырушы ауруханаға жеткізілген. Тілсіз жау Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 11 маманы мен 2 техникасының күшімен ауыздықталды.