Теміртау қаласының активіне жаңа әкім Нүркен Сұлтанов таныстырылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Теміртау қаласының әкімі болып Нүркен Сұлтанов тағайындалды,

Теміртау қаласының активіне жаңа әкім Нүркен Сұлтанов таныстырылды

деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қаланың жаңа әкімін Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов таныстырды.

Теміртаулық Н.Сұлтановтың жасы 46-да. Бұған дейін ол 20 жыл «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургия комбинатында жұмыс істеген.

Теміртау қаласының бұрынғы әкімі Орал Бітебаев жұмыстан өз еркімен босаған.