Теміртау қаласының логотипін таңдауға дауыс беруге болады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Теміртау қаласының логотипін таңдауға дауыс беруге болады. Бұл туралы ҚазАқпарат облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

«Теміртау үшін 2020 жыл мерейтойлық жыл. Металлургтер қаласына 75 жыл толады. Осы күнге дейін дизайнерлер логотиптің үш нұсқасын әзірледі. Теміртаулықтар олардың арасынан ең үздігін таңдай алады.

Қала логотипіне дауыс беру ғаламторда жарияланды. Ол үшін келесі сілтемеге кіру керек: https://anketolog.ru/s/304126/b2VVeEIa.
Теміртау қаласы 1945 жылдың 1 қазанында бұрынғы Самарқанд кентінің негізінде құрылды», - делінген әкімдік хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар