Теміртау металлургтері 13-ші жалақыны алатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» басқармасының 18 қаңтардағы шешімімен 2017 жылдың 10 ақпанына дейін металлургтерге 2016 жылы жасаған жұмыстары үшін сыйақы төленеді, деп хабарлайды tv.ekaraganda.kz.
«Жақтау» металлургтердің кәсіподақ ұйымы комбинаттың басшылығымен 13-ші жалақыны төлеу бойынша келіссөзі бірнеше айға созылды.
Келісімшартқа сәйкес, егер комбинаттың өндірісін жылына 4 миллион тоннадан асырса, сыйақы төленеді. 2015 жылы бұл көрсеткіш орындалмады, сол себепті металлургтер сыйақысыз қалды. Өткен жылы келісімшарттың барлық шарты орындалды, сондықтан жұмысшылар 13-ші жалақыны алуы тиіс. Алайда, бұл сома әртүрлі төленеді.
- Біздің ережеге сәйкес, жыл бойы толық жұмыс жасаған адамдардың белгілі санатына 13-ші жалақы жоғары болады. Бұл топқа құрметті еңбеккерлер әулеті, 2016 жылы еңбекке жарамсыздық парағы жоқ толықтай жұмыс жасаған адамдар жатады. Олардың 13-ші жалақылары белгілі бір пайызға өседі. Ереже бұзғандар, жұмысқа кешіккендер қаржының 50%-ынан қағылады», - деп түсіндірді «Жақтау» металлургтер кәсіподағы ұйымының төрағасы Виктор Щетинин.
Сонымен қатар кәсіподақтың атап өтуінше, 13-ші жалақыдан бөлек, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының барлық қызметкерлеріне инфляция деңгейінен 50%-ға жалақылары өсіп, яғни - 4,25%-ға жетеді.