Теміртау металлургтерінің атынан Әлібек Алпысбаев Елбасына саулық тіледі
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының депутаты, металлург Әлібек Алпысбаев Елбасына және коронавирусқа шалдыққан барлық қазақстандықтарға қолдау білдіріп, тілек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Құрметті достар, біздің аса мәртебелі Елбасымыз, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың коронавирус жұқтырғаны жаңалықтардан белгілі болды. Осыған орай, оған еңбек отанындағы біздің металлургтер атынан және өз атымнан тезірек сауығып кетуін және мықты денсаулық тілеймін! Жаратқан Алла дертіне шипа берсін! Сондай-ақ, осы індетке шалдыққан барлық азаматтарымызға денсаулық пен сабыр тілеймін!
Бұл жерде біз үшін, өндірісшілер үшін, жаһандану жағдайындағы барлық қиындықтарға қарамастан, қазіргі Қазақстанның қалыптасуы мен Нұрсұлтан Әбішұлының «президенттік» дәуіріндегі кезең-кезеңмен дамуында оның рөлі аса маңызға ие.
Достар, барлығыңызды құрметтеймін және бағалаймын. Барлығы бірден және тез бола бермейді. Әр іс уақыт пен сабырлықты қажет етеді.
Елбасы мен ем алып жатқандардың бәріне тағы да сауығып кетулерін тілеймін. ҚР Президенті Қ.Қ.Тоқаевқа күшті, мобильді және халық үніне құлақ асатын мемлекет құруда күш-қуат пен сабырлық тілеймін! Аман болайық ағайын! Тәуелсіздігіміз мәңгі, еліміз тыныш болсын! Бірлігіміз мықты болсын!» - деп жазды Әлібек Алпысбаев Facebook-тегі парақшасында.
Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 7 қыркүйегінде еңбек еткен жеріне барып, металлургтермен кездесу барысында бірге түскен суретін жариялады.