Теміртау мұражайында «Жасампаз Жаңа жыл» атты экспозиция ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртаудың мұражай қызметкерлері жаңажылдық бал ұйымдастырды. Модельдер қолда бар материалдардан - полиэтиленнен, қағаздан, пластик ыдыстан жасалған бірегей костюмдерден арнайы киім киіп шықты, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None



Жаңа жылдық кешке 5 пен 18 жас аралығындағы 20 адам қатысты. Келер 2018 жылдың символы - иттер мереке қонақтары болды. Француздық жалпақ тұмсықты иттерге Аяз ата мен Ақшақардың костюмдерін кигізген. 

Мұражайда «Жасампаз Жаңа жыл» атты экспозиция ашылды. Бұл жерден мерекеге қатысты киіну дәстүрі қайдан шықанын, жылдар бойы жаңажылдық киім үлгісі қалай өзгергенін білуге болады.

Тіпті өткен ғасырдың 60-90-шы жылдарындағы костюмдер қойылған: мақта, капроннан жасалған көйлек, пүліш маскалар, сымнан жасалған әйелдер бас киімі мен тағы басқалар бар. Металлургтер қаласының танымал адамдары отбасылық мұрағаттарындағы жаңажылдық ертеңгіліктердің суреттерімен бөлісті.

Қысқы абстрактылы орманда «селфи» жасауға болады.

Көрермендер дауыс беру арқылы ең ерекше костюмдердің авторларын таңдады. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, қалған қатысушыларға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.

Соңғы жаңалықтар