Теміртау тумасы Бундеслигада ойнайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теміртауда дүниеге келген Вилли Евсеев немістің Киль қаласындағы «Хольштайн» Бундеслигасына ауысты, деп хабарладыы Sports.kz.
Футболшы құқығының тізгіні «Нюрнбергте», бірақ та жарақат алғандықтан маусымның бірінші жартысында Вилли танымал клубтың екінші командасында ғана ойнады.
«Жастығына қарамастан Вилли тәжірибелі, біз одан үлкен үміт күтеміз», - деп мәлімдеді «Хольштайнның» тәлімгері Карстен Найтцель. Евсеев Кильде жазға дейін жалдау құқығында өнер көрсетеді.