Теміртау тұрғындарына латын әліпбиін тегін үйретпек

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қаласында «Қазақ алфавитінің реформасы» тақырыбында Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдерімен кездесу болды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ішкі саясат басқармасының БАҚ бөлімі. 
None
None

Кездесуде қазақ тілінің латын графикасына негізделген алфавитке сатылай өтуіне қатысты мәселелер талқыланды. Шараға қатысушылардың барлығы бұл идеяны қолдады. Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығының директоры Меруерт Ахметжанова өзі басшылық жасайтын мекеменің тұрғындарға көмектесіп, латын жазуына негізделген әліпбиді тегін үйрететінін жеткізді.

Сондай-ақ кездесуде латын жазуына көшудің артықшылықтары туралы Теміртау қаласының Тарихи-өлкетану мұражайының директоры Наталья Скорикова, Қарағанды Мемлекеттік индустриялдық университетінің Теміртау қаласы бойынша тәрбиелік жұмыс және жастар саясаты департаментінің директоры, филолог Мәдина Сәлпенова мен тағы басқалар пікір білдірді.

Соңғы жаңалықтар