Теміртау тұрғынын шоқыну мерекесі түнінде шомылған соң үсік шалды

ҚАРАҒАНДЫ. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының тұрғыны шоқыну мерекесі түнінде шомылған соң үсік шалып, ауруханаға түсті. Бұл туралы қалалық ауруханаcынан хабарлады.

Теміртау тұрғынын шоқыну мерекесі түнінде шомылған соң үсік шалды

«Жедел жәрдем қызметі» бізге аяқ-қолдары үсіп кеткен ер адамды жеткізді. Шоқыну түнінде мас күйінде болған ол ойыққа суға түсіп, одан кейін қардың үстінде ұйықтап қалған. Қазіргі кезде ол емделуде», - деп мәлім етті Теміртау қаласының № 3 ауруханасынан.

ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, Қарағанды облысында шомылу үшін 10 ойық дайындалды, олардың қасында шоқыну түнінде сүңгуір-құтқарушылар кезекшілік атқарды. Азаматтардың мұздағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлығы 40 құтқарушы жұмылдырылды, құтқару құралдары дайын болды.

Құтқарушылардың мәліметтерінше, тек Қарағандының Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлде ойықтағы суға 1000-ға жуық адам түсті.