Теміртауда 1 келіден астам героин сатпақ болған азамат ұсталды
АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ақпанның 8-і мен 14-і аралығында республикада 1 мың 861қылмыс тіркеліп, оның 1 мың 480-нің ізі суымай ашылды. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифинтге Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның деректеріне қарағанда, тәртіп сақшылары апта ішінде іздеуде жүрген 92 күдіктіні тауып, 7 атыс қаруын тәркілеген. Ал есірткімен байланысты 192 қылмыс анықталып, оның 69-ы есірткіні саудалауға қатысты болған. «Заңсыз айналымнан 68 келі есірткі алынып, оның 1,5 келіден астамын героин, 11 келісін гашиш құрады. Теміртау қаласында 1 келіден астам есірткіні саудаламақ болған азамат ұсталды. Аталмыш әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ есірткімен күрес бағытындағы арнайы операция барысында Қарағандыда 61 жасар зейнеткер ұсталып, оның үйінен иісшіл иттің көмегімен 240 грамм героин табылды», деді департамент бастығы.