Теміртауда 32 жастағы жүкті әйел коронавирус жұқтырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемкомиссияның шұғыл штабына сілтеме жасап.
None
None

7 мамыр сағат 22:50-дегі мәлімет бойынша, Қарағанды облысында екі адамнан вирус табылған. Індет жұқтырған азамат - Қарағанды қаласының 1986 жылғы тұрғыны. Ол өзіне дейін вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғаны үшін карантин стационарында болған.

Екінші науқас - Теміртау қаласының 1988 жылғы тұрғыны, ол карантин стационарында болған жүкті әйел (16 апта). ПТР-талдау нәтижесі бойынша пациенттерге COVID-19 диагнозы қойылды.

2020 жылғы 7 мамырдағы ахуал бойынша Қарағанды облысында вирусты жұқтырған 177 адам анықталған, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 83 науқас жазылып шыққан.

Соңғы жаңалықтар