Теміртауда бала өлімі фактісі бойынша тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде - қала прокуроры
ҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында кәріз құдығына құлаған 2 жасар баланың өлімі бойынша тергеу алдындағы тексеріс жүруде.
Бұл туралы Теміртау қаласының прокуроры Нүркен Мұхаметқалиев хабарлады.
«Қазіргі кезде тергеу алдындағы тексеріс жүргізілуде, соның қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Баланың өліміне кінәлі адамдар жауаптан құтыла алмайды», - деді Н.Мұхаметқалиев.
Қала әкімдігінен хабарлағандай, Теміртауда 10 күндік мерзімде коммуналдық қызметтердің барлық кәріз құдықтарының инвентаризациясы өткізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай 24 мамыр күні Теміртау қаласының Металлургтер даңғылында орын алды. 2 жасар бала кәріз құдығына құлаған. Кәріз жүйесіне қызмет көрсететін «Окжетпес» ЖШС-нің арнайы техникасының көмегімен 400 м диаметрдегі 1500 метрлік коллектор тексерілді. Алайда бұл ешқандай нәтиже бермеген еді. Іздеу шаралары бейсенбі күнінің кешінен басталды. Өскеменге келген сүңгуірлердің көмегімен баланың мәйіті сенбі күні таңертең табылды.