Теміртауда бала ұрлаушының жазасы жеңілдемеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық соты екі жасар қызды ұрлап, Астана алып кеткен бала күтушісінің үкімін өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бала күтуші Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сотынан Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы 2-бөлімі «Адам ұрлау» фактісі бойынша жеті жылға бас бостандығынан айыру жазасын жеңілдетуді сұраған, ол бұл әрекетін баланы ұрлап, оған зиян келтіруге ниетті болмағанымен түсіндірген. Оның айтуынша, ол бүлдіршінге бауыр басып қалғандықтан, онымен бірге уақыт өткізу үшін елордаға алып кеткен. Алайда, сот құрамы оның өтінішін қабылдамады. Балалар үйінің тәрбиеленушісі тек екі күн ғана бала күтушісі болып жұмыс істеген.

«Қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот мынадай үкім шығарды: апелляциялық өтінішті қанағаттандырмай, Теміртау қалалық сотының шығарған үкімі өзгеріссіз қалдырылсын». Оны Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасының төрағасы Рашид Нұрмағамбетов оқып берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум