Теміртауда екі адамды атып кеткен күдіктілерге іздеу жарияланды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы екі ер адамның өліміне қатысты тың деректер пайда болды, деп хабарлайды Қазақпарат.
None
None

ҚазАқпарат тілшісі Теміртау қаласында ауыр қылмыс жасады деп күдікке  ілінген екі азаматың достарымен тілдесті.

Теміртаудағы «Автомобилист» гаражында өлтірілген екі адамның бірі сол гараждың иесі 52 жастағы Имамәлі. Ал екіншісі 30 жастағы Руслан есімді жігіт. Ол гараж иесінің танысы. Иманәлі Павелге гаражын жалға беріп келген. Машинаны жөндеудің қыр-сырын жақсы білетін Никита Павелге көмектесіп жүрген. Олар сыныптас», - деді достары.

Павел Левкутин мен Никита Степиннің адам өлтіру оқиғасына қатысты күдікке ілінуіне олардың туыстары мен таныстары сене алмай отыр.

«Павел мен гараж иесінің арасында ешқандай келіспеушіліктер болған емес. Ол гараждың жалға алу ақысын уақытында төлеп келген», - дейді жас жігіттер.

1965 жылы және 1987 жылы туған азаматтардың өлі денелерін бірінші болып автослесарь Павел Левкутиннің қарындасы көрген. Ол гаражға итке тамақ беру үшін келген. Мәйіттерді көрген ол бірден полиция шақырған. Екі азамат атып өлтірілген.  Басқа деректерді полиция хабарлаған жоқ.

Павел Левкутин азаматтық некеде тұрады, жасқа толған баласы бар. Автослесарьдың  туыстары оқиғаға қатысты қандай да бір пікір айтудан бас тартты. Олар тергеушіге қандай да бір мәліметтерді таратпау жөнінде қолхат беріп қойыпты.

Күдікті екі азаматтың Теміртаудан кетіп қалуы мүмкін. Сол себепті іздеу шарасы бүкіл Қарағанды облысы бойынша жарияланды.

«Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеліп жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Теміртауда екі ер адамды атып кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Қанды қылмысқа қатысты 1986 жылы туған Павел Левкутин мен 1986 жылы туған Никита Степинге іздеу жарияланды. Полиция қызметі тұрғындардан осы азаматтар туралы  қандай да бір деректерді білсе 102 немесе 8 (7213) 95 10 01, 95 10 02 телефондарына хабарласуларын сұрайды.

null

Соңғы жаңалықтар