Теміртауда экс-полицейдің қатысуымен болған жол апатынан бір адам мерт болды
Теміртау маңындағы тасжолда бұрынғы полицей көктайғақ салдарынан рөлді ұстай алмай, жол жиегіне ұшып кеткен. Алдыңғы жолаушы орындығында отырған қыз оқиға орнында қаза тапты.
«Екінші қаңтарда шамамен сағат 23:55-те 27 жастағы Hyundai автокөлігінің жүргізушісі көктайғақта рөлді басқара алмай, көліктің аударылып кетуіне жол берген. 29 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды»,-деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство аталған көліктің жүргізушісі бұрын полицияда жұмыс істегенін хабарлады. Бірақ апат болған кезде оның ішкі істер органдарына қатысы болмаған.
«Ол бұрын полицияда жұмыс істеген. Бірақ желтоқсан айында жұмыстан босатылды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ЖП баспасөз қызметі.
Жүргізуші көлікті неліктен ұстай алмағаны және автокөліктің жылдамдығы қандай болғаны анықталуда. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
«Оны уақытша ұстау изоляторына орналастыру мәселесі шешілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды»,-деп хабарлады облыстың ПД баспасөз қызметі.