Теміртауда гүлдермен және шарлармен безендірілген трамвайлар қызмет көрсетуде
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртауда 8 наурызға орай гүлдермен және шарлармен безендірілген трамвайлар қызмет көрсетуде, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Әйелдерге осындай ерекше сыйлықты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қызметкерлері ұйымдастырды. Мереке күні қыз-келіншектерге трамвайда жол жүру ақысы тегін.
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының ардагерлеріне жыл бойы трамваймен жүру ақысыз.
«Барлық көлік жүргізуші әйелдерді өз машиналарын қойып, трамвайға мінуге шақырамыз. Әйелдер трамвайларға отырып экологиялық жағдайдың жақсаруында өз үлестерін қосады», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметінен.
Теміртаудағы трамвай паркі 1959 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Бұл өзінің бейінді қызметін сақтап қалған Қазақстандағы жалғыз парк. Қазіргі таңда бұл экологиялық таза көлік «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қарамағында.