Теміртауда кабельдің ұрлануы бірнеше мың абонентті байланыссыз қалдырды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қымбат тұратын кабельдердің ұрлануы салдарынан бірнеше мыңдаған абонент телефон байланысынан ажырап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Қазақтелеком» АҚ өкілі Теміртау қаласының әкімдігіне телефон кабельдерінің жаппай ұрлануы туралы хабар берген.

«Теміртауда телефон кабельдерін ұрлау проблемасы ушығып тұр. Тек 29 мамыр күні қаланың шығыс бөлігіндегі шамамен 2 мың абонент байланыстан ажырап қалды. Оған басты себеп кабельдердің ұрлануы», - деді «Қазақтелеком» АҚ өкілі Сапар Есжанов.

Өкінішке орай қымбат кабельдерді қолды еткендерді құрықтау әзірге мүмкін болмай отыр.

Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов металл қабылдайтын орындарды тексеруге шешім шығарды. Оқиғаға байланысты әкім «Мәселе өте күрделі. Металл қабылдайтын орындарға рейд жүргізіп, байланыс жүйесіне зиян тигізген қылмыс бетін ашу қажет», - деп түсінік берді.

Соңғы жаңалықтар