Теміртауда кенттерді су тасқынынан құтқарған кәсіпкерлер марапатталды
Бизнесмендер кенттер тұрғындарына техникамен және заттай көмектесті. Эвакуациялау кезінде үй-жай ұсынды. Көмектері үшін бюджеттен ақы талап етпеді.
Меценаттар арасында - «Темірбол» ЖШС директоры Александр Губин мен «Централ Азия Цемент» ЖШС директоры Петр Дурнев бар.
«Қиын-қыстау уақытта адамдарға өтеусіз көмек көрсеткен кәсіпкерлерге «Алтын жұлдыз» мүсіні мен Теміртау Әкімі Ғалым Әшімовтің алғыс хаты мен астанада өтетін ЭКСПО көрмесіне билет табыс етілді», - деді «Жастар пікірі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Артем Козловский.
Осы ұйым «Алтын жұлдыз» байқауына бастамашылық етті. Бұл ұйым қызметкерлері күн сайын игі іс жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалар және туберкулезбен сырқаттанған адамдармен жұмыс бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар орындаумен қоса, мұқтаж жандарға өтеусіз атаулы көмек те көрсетеді. Ізденушілер - меценаттар және қайырымдылықпен айналысатын басқа да азаматтар.
Еске салсақ бұл байқауды Теміртау әкімдігі белгілеген.