Теміртауда мейірбике күтімі палатасы ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен Теміртау орталық ауруханасында үш мейірбике күтімі палатасы ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Енді денсаулығы түзеліп келе жатқан, алайда үнемі дәрігер көмегіне зәру науқастар, аталған палаталарда уақытша тұрып емделе алады. Олар көбінесе мертіккен немес инсульт алып сал ауруына ұшыраған науқастар.

Аурухананың кардиолог-дәрігері Нина Переседованың айтуынша, мұндай палатаға диагнозы қойылған науқастар жата алады.

«Егер науқастың жағдайы нашарласа, дәрігерлер бірден көмекке келеді. Тәулік бойы дәрігердің жанында болу оңалып келе жатқан адам үшін өте ыңғайлы. Бір айға дейін мейірбикелік күтімді тегін бола алады. Сонымен бірге үш уақыт тамақтанады.»,-деді Нина Переседова.

Соңғы жаңалықтар