Теміртауда өндірісте алған жарақаттың салдарынан бір адам қаза тапты - Төтенше жағдайлар министрлігі
АСТАНА. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласында, «Арселор Миттал Теміртау» акционерлік қоғамының №2 кокс цехында сенбі күні төтенше оқиға орын алды.
Көмір мұнарасының секцияларын тазалау кезінде көмір концентраты құлап келіп, кәсіпорынның 43 жастағы жұмысшысы зардап шекті. Ол алған жарақаттан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сол күні Теміртауда «Теміртау электр-металлургиялық комбинаты» ЖШС-інде шатыр жұмыстары кезінде 26 жастағы тас қалаушы 9 метр биіктіктен құлап кетті. Ол түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.