Теміртауда өзіне өзі қол салған жүкті әйел құтқарылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында дер кезінде көмекке келген құтқарушылар өзіне өзі қол салған жүкті әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртауда өзіне өзі қол салған жүкті әйел құтқарылды

Қалалық ТЖ басқармасының айтуынша, оқиға 3 қараша күні болған. «112» желісіне көмек сұрап хабарласқан әйел Теміртаудың 3/а шағынауданындағы үйлердің бірінде эпилепсиясмен ауыратын жүкті сіңлісінің 3 жасар ұлымен бірге жабық пәтерде отырғанын, 15 минуттан бері жауап қатпай жатқанын айтты», - деді ТЖБ. Оқиға орнына №22 өрт бөлімшесінің қызметкерлері жіберілді. Темір есік ысырмамен бекітілген. Автосаты арқылы балконнан кіру туралы шешім қабылданды. Азаматтық қорғау лейтенанты А.Алданов пен бөлім командирі, азаматтық қорғау старшинасы К.Пылаевбұл идеяны жүзеге асырды. Пәтер ішінде 3 жасар бала ұйықтап жатқан және 1-топтағы мүгедек әжей отырған. Пәтерді қарап шығу барысында жуыну бөлмесінде енді ғана жіпке асылып, қалтырап тұрған 26 жастағы жүкті әйел табылды. Жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері шақырылып, алғашқы көмек көрсетілді.  «Зардап шегуші жүйке жүйесінің функционалды бұзылуы, 36-аптадағы жүктілік және суицидке ұмтылу диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Әйелдің не себепті мұндай қадамға барғаны анықталуда», - деп толықтырды ТЖБ.