Теміртауда пәтер өртеніп, ер адам мен 8 жасар қыз мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қарағанды облысына қарасты Теміртау қаласында пітер өртеніп, адамдар құрбан болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 11 шілде күні сағат 19:57-де Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы 9 қабатты үйдің 2-ші қабатындағы пәтерде үй заттары, жиһаздың 5 шаршы метрі өртенген.
Өрт сөндірушілердің күшімен 1991 жылғы пәтер иесі және оның 2015 жылғы жиені жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
Өкініштісі, реанимациялық шаралар зардап шеккендерге көмектеспеді. Ер адам мен қыз бала қайтыс болды.
Өрт сөндірушілердің күшімен баспалдақпен 8 адам, оның ішінде 3 бала эвакуацияланды.
Қабылданған шаралардың арқасында өрт сағат 20:33-те сөндрілді.