Теміртауда тұрғын үйде болған өрт салдарынан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, құрбандар бар - ТЖМ

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Теміртауда тұрғын үйде болған өрт салдарынан 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді, құрбандар бар.
None
None

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, тамыздың 19-ынан 20-сы қараған түні Димитрова көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, ол 20 шаршы метр аумаққа жайылған. 30 адам дереу қауіпсіз жерге көшірілді.

Құтқарушылар отты сөндіру барысында тұлғалары анықталған әйел мен ер адамның мәйіттерін тапты. Сонымен бірге, көмірқышқыл газына уланған 36 жасар тағы бір адамды ауруханаға жеткізді.

Тілсіз жау Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 16 адамы мен 4 техниканың күшімен жарты сағаттың ішінде ауыздықталды.

Соңғы жаңалықтар