Теміртауда училищенің оқытушысынан жарты келіден астам героин табылды

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат -Теміртау қаласының кәсіби-техникалық училищесінің оқытушы-әдіскерінен жарты келіден астам героин тәркіленді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында  мәлім болды.

Атап айтқанда, қарағандылық полиция қызметкерлері Теміртау қаласының кәсіби-техникалық училищесі аумағында 34 жастағы оқытушы-әдіскерді құрықтады. Оны тінту барысында күртешесінің қалтасынан полимерлі пленкаға оралған 1,5 грамнан астам героины бар майқағаз тәркіленді. Бұдан бөлек, әлгі училищенің әдістемелік және мемлекеттік тіл кабинеттерінен де 1,5 грамнан астам героин оралған 2 орам табылды.

«Ал күдіктінің пәтерін тінту барысында 556 грамм героин тәркіленді. Аталмыш факті бойынша қылмыстық із қозғалып, есірткі берушіні және жеткізушіні анықтау бойынша іс-шаралар кешені өтіп жатыр», - дейді баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрділдә Ораз.

Соңғы жаңалықтар