23:42, 21 Ақпан 2017 | GMT +5
Теміртауда ЖЭО -2-де өрт болды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртаудағы 2-жылу электр стансасында бу құбыры орамының жануы салдарынан пәтерлерге жылу беру шектелді, деп хабарлайды »ҚазАқпарат» тілшісі.

«АрселорМиттал Темиртау» компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЖЭО-2 -де төртінші турбогенератордағы бу құбырының орамы отқа оранған.
«Өрт тездетіп өшірілді, одан әрі қызметкерлердің күшімен толықтай сөндірілді»,-деп мәлім етті «АрселорМиттал Темиртау» АҚ баспасөз қызметінен.
Өрттің салдарынан №4 турбина жұмысы тоқтатылды. Келеңсіз оқиға қала тұрғындарын суыққа тоңуға мәжбүр етті.
Дегенмен энергетик басқармасының мәлімдеуінше, жылу таяу сағаттарда қалпына келтіріледі.