Теміртауда жергілікті тұрғынға бірнеше пышақ жарақатын салған адам қолға түсті

ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат – Теміртау полицейлері жедел түрде қарақшылық қылмысты ашты. Тәртіп сақшылары қала тұрғынына бірнеше мәрте пышақ салған ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Теміртауда жергілікті тұрғынға бірнеше пышақ жарақатын салған адам қолға түсті

28 қыркүйекте сағат 4.30 шамасында Қарағанды облысы Теміртау қаласы ПБ Старород полиция бөліміне медициналық мекемеге бірнеше пышақ жарақатын алған 32 жастағы ер адамның келіп түскені туралы хабарлады. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті.

Полицейлер жәбірленушінің пәтеріне бейтаныс адамды шақырғанын анықтады. Олар бірігіп спирттік ішімдіктер ішкен. Кеш барысында қонақ пышақ ұстап, пәтер иесіне бірнеше рет сұғып алған. Жәбірленуші есінен танып қалған кезде, қаскүнем сөмкесіне екі теледидар, сурет, ұялы телефон салып, қашып кеткен. Шығын сомасы 600 мың теңгені құрады.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 27 жастағы күдікті ер адамды ізін суытпай қолға түсірді. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдер алынды. ҚР ҚК 192-бабы «Қарақшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД бастығы Ерлан Файзуллин.