Теміртауда жерленген адамның қабірін қазғаны үшін 20 жастағы жігіт ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында жерленген адамның қабірін қазғаны үшін тұрғылықты жері жоқ 20 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«22 шілдеде Теміртау ІІБ полиция бөліміне 42 жастағы жергілікті тұрғын шағымданған. Әйел полицейлерге әпкесін жерлегеннен 10 күн өткен соң зиратқа барса, оның моласын біреу қазып кеткенін айтқан», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары күдіктіні қолға түсірді. «Ол тұрақты мекен жайы жоқ 20 жастағы жігіт болып шықты. Ол зиратта мекендеген. Ұсталған жігіт зират қызметкерлерімен ұрсысқан соң, оларды жазаламақ болып мұндай әрекетке барғанын айтты», - делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 314 бабына сәйкес сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар