Теміртауда жылу қымбаттады
Жылытылатын 1 шаршы метр үшін төленетін құнның өсімі 1,96 теңгені құрады. Жылу энергиясын тұтыну нормасы Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылдың 9 ақпанындағы «Жылумен қамтамасыз ету жөніндегі нормаларды бекіту туралы» қаулысы бойынша, шаршы метріне 2,3 процентке өсті.
Айта кетейік, Қарағандыда сәуір айынан бастап, электр қуатының бағасы өсті. 1 мамырдан бастап, қарағандылықтар сәуір айында тұтынылған энергияның көтерілген бағамен есептеген квитанцияларды ала бастады.
Осылайша, электрлі плиталарды қолданушылар үшін 100 кВтс дейінгі 1 адамға шаққандағы тұтыну нормасы 9,6 теңгені құрады, бұрын ол 8,86 теңге болатын. 100-ден 180 кВтс/адам - 12,75 теңге (ескі тариф - 11,79 теңге). 180 кВтс/адам жоғары болғанда - 15,93 теңге (ескі тариф - 14,75 теңге) болған.