21:11, 28 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Теміртаудағы лицей директоры көктайғаққа байланысты сабақты тоқтатқаны үшін жазаланды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Теміртау қалалық білім бөлімінің басшысы көшедегі көктайғаққа байланысты 25 желтоқсан күні өз еркімен сабақты тоқтатқаны үшін «Бірінші Теміртау классикалық лицейі» мекемесінің директорына қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Лицей директоры, ата-аналардың сұрағанын жасаған. Біз мектепке дейін жете алмадық, жолдың бәрі айнадай жарқыраған мұз болатын. Баламды лицейге жіберуге қорықтым, сабақ болмайтынын естігенде қатты қуандым»,-дейді ата-аналардың бірі Наталья Сивиридова.
Алайда, білім бөлімінің басшысы, директордың шешімін заңсыз деп танып, 28 желтоқсан күні оған қатаң сөгіс жарияланғаны туралы бұйрық шығарған.
Лицей директоры өз шешімінің заңға қайшы еместігін айтып, бұйрықпен танысқан кезде осы жөнінде жазып та кетіпті.
«Бұйрықпен таныстым және онымен келіспеймін. Өз шешімімді 100 пайыз дұрыс деп санаймын», деп жазады лицей директоры Игорь Пашин.