Теміртаудағы ЖЭО-2-да қызметкердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиталл Темиртау» компаниясына қарасты ЖЭО-2 машинисі көмекшісінің қаза табуы фактісі бойынша ҚР ҚК «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртаудағы ЖЭО-2-да қызметкердің қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Құқық қорғау органдары қылмыстық істі тергеу жұмыстарын бастады. Ал біз көлік-жанармай цехында жүк түсіру жұмысы барысында қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылған-бұзылмағанын анықтаймыз. Комиссия жұмыс жасауда», - деп хабарлады еңбек департаментінде.

Қылмыстық іс барысында аударғыш-вагонның 57 жасар машинисі жауап беруде. Қаза тапқан 24 жастағы Жан Ержановтың ата-анасымен тұратындығы және бойдақ екені белгілі болды.

Еске салайық, «АрселорМиталл Темиртау» АҚ-ға қарасты ЖЭО-2 аумағындағы көлік-жанармай цехында машинистің көмекшісі қаза тапты. Оны аударғыш-вагон басып қалған.