Теміртаудағы ЖЭО-ның плиталары опырылып түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Теміртау қаласында «АрселорМиттал Теміртау» (АМТ) АҚ ЖЭО-сында екі қатар плита опырылды. Бұл туралы АМТ баспасөз хатшысы Алексей Агуреев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Теміртаудағы ЖЭО-ның плиталары опырылып түсті

«ЖЭО-ның Бу-ауа үрлейтін стансасында төбенің екі қатар плитасы опырылып түсті. Ешкім зардап шеккен жоқ. Қауіпсіздік үшін №3 және №4 қазандықтарының жұмысы тоқтатылды. Қазіргі уақытта 4 қазандық жұмыс істеп тұр», - деп жазды Алексей Агуреев Фейсбуктегі парақшасында.

Металлургия комбинатындағы өндіріс қалыпты режімде жалғасып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, деді ол.